Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

В послании было рассмотрено развитие новых направлений науки
02.09.2023
Көріністер:  342

Жолдауда ғылымның жаңа бағыттарын дамыту қарастырылды

 

Дінтану орталығының ғылыми қызметкері

Философия, саясаттану және дінтану институты ҚР ҒЖБМ ҒК

Мейманхожа Н.Р.

 

Бүгінгі Жолдау Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстанның Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Үкімет мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы билік өкілдері, саяси партиялар жетекшілерінің қатысуымен өткен алқалы жиында жарияланды. Жолдау маңыздылығының негізгі қырында Қазақстанның әділетті жаңа экономикалық саясаты тақырыбында пайымдар мен жаңа стратегиялық шешімдер жарияланды.

Жолдаудың басты бағыттарының қатарында еліміздегі ғылым мен технологиялық прогрессивті даму тақырыбына арналған пайымдар хабарланды. 2022 жылғы Жолдаудан бері көтерілген мәселенің бірі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылдау туралы бастама көтергені туралы Президент тағыда назарға алуды ескертті. Президенттің сөзінше қазір әзірленіп жатқан заң жобасында экономикамызды ғылым мен инновацияға сүйене отырып дамыту логикасының көрініс табуы өте маңызды екендігін жариялады.

Сонымен қатар, әлемдік құбылыстардағы түрлі деңгейдегі алып мемлекеттер мен өркениеттердің диалогы маңызды екендігі жасырын емес. Жаhандану үрдістерінде «адами капиталды» дамыту арқылы көшбасшы қоғамды қалыптастыру дағдылары туралы жиі мәселе көтерілуде.

Осыған орай, Жолдаудағы мәдениетті, білімді, ғылымды дамыту арқылы қазіргі ашық әлемнің бір бөлшегі болуға ұмтылуымыз керек. Алдымызға қойған биік мақсатқа жету оңай болмайды. Бірақ бүкіл ел болып кіріссек, бұл – қолдан келетін шаруа. Халық, бизнес және билік өкілдері бар күш-жігерін жұмылдыруы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің қазіргі даму үлгісін түбегейлі өзгерте аламыз, кедергінің бәрін жеңеміз – деген Президенттің парасатты ұстанымдарының маңыздылығы жоғары болып табылады.

 

         

         


← Тізімге қайту