Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Ғылым күніне орай дінтану бағытындағы еңбектер жарияланды
08.04.2025
Көріністер:  1629

Ғылым күніне орай дінтану бағытындағы еңбектер жарияланды
Ғылым күніне орай дінтану бағытындағы еңбектер жарияланды


Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай 2025 жылғы 7 сәуірде ҚР ҒжБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының Дінтану орталығында 2020-2025 жылдары аралығында ғылыми жобалар аясында жарияланған ғылыми еңбектердің презентациясы өткізілді.

Іс - шараның мақсатына сәйкес ғылыми гранттар аясында қазіргі заманғы дінтанулық бағыттағы еңбектер, конференциялар мен дөңгелек үстелдердің жинақтары туралы ақпарат жарияланды. Ғылыми еңбектерде дін тарихын зерделеуге ұмтылатын мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, дінтану және исламтану мамандықтарының докторанттарына, магистранттарына, бакалаврларына, сондай-ақ, дін тақырыбына, гуманитарлық білімдегі дінтанудың орны, дәстүр мен инновацияның, зайырлылық пайымдары, дінтану әлеуметтануына, исламдағы толеранттылық пен дискурс, конфессияаралық диалог тақырыбына қызығушылық танытатын көпшілік оқырман әлеуметке арналған.

#ифпр
#ғылымкүні
#scienceweek


← Тізімге қайту