Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСС АЯСЫНДА ПЛЕНАРЛЫҚ БАЯНДАМАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ
07.11.2026
Көріністер:  24

IV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСС АЯСЫНДА ПЛЕНАРЛЫҚ БАЯНДАМАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ
IV Қазақстандық философиялық конгресс аясында «Қазақстан қоғамының философиясы: құндылықтық бағдарлар және даму перспективалары» тақырыбында пленарлық отырыс өтті. Оған отандық және шетелдік жетекші философ ғалымдар қатысты.

????Отырысты Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Аяжан Сағиқызы жүргізді.

Пленарлық отырыста қазақстандық философиялық мектептің дамуы, қазіргі философияның бірегейлігі, түркі философиясының әлемдік кеңістікке интеграциясы, цифрлық теңсіздік, гуманитарлық білім және рухани мұра мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылды.

Баяндамалармен келесі ғалымдар сөз сөйледі:

????С.Ю. Колчигин - «Қазақстандық философиялық мектеп: ойлау және жан»;
????Н.Л. Сейтахметова - «Метамодерн координаттарындағы қазіргі қазақстандық философия: деконструкция, реконструкция, форсайт»;
????Н.С. Кирабаев (Мәскеу) - «Өз бірегейлігін іздеген қазіргі философия»;
????Р.Н. Асланова (Баку) - «Түркі философиясының әлемдік философиялық кеңістікке интеграциясы»;
Б.Ы. Кәріпбаев (Қарағанды) - «Цифрлық теңсіздік өмір әлемдері асимметриясының себебі ретінде»;
????А.С. Сырғақбаева - «XXI ғасырдағы гуманитарлық білім: сұраныс дағдарысы ма, әлде жаңа миссия ма?»;
????К.Досай (Түркістан) - «Діни таным және адам болмысы: рационалдық, сенім және рухани тәжірибе»;
????С.Ш. Аязбекова (Астана) - «Данышпан бейнесі және адам идеалы: Тәңірлік өркениеттен «Адал азаматқа» дейін».

Баяндамаларда қазіргі қоғамдағы өзгерістер, философияның даму бағыттары, ұлттық бірегейлік, мәдениет пен рухани құндылықтардың маңызына қатысты түрлі ғылыми көзқарастар ұсынылды.


← Тізімге қайту