Қоғамдық диалогты қалыптастыру жобасы аясында Жаңа Конституцияны талқылауға арналған сарапшылар қауымдастығының кездесуі өтті.
19.02.2026
Көріністер: 151
Іс-шара Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті алаңында ұйымдастырылды. Талқылауға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, еңбек ұжымы және жастар қатысты.
ФСДИ атынан Орталық жетекшілері Айдар Әмребаев пен Алмасбек Шағырбай сөз сөйледі.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі нормалары, олардың практикалық маңызы және елдің одан әрі дамуындағы рөлі жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, конституциялық өзгерістердің өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты. Ашық форматтағы диалог еркін пікір алмасуға мүмкіндік беріп, сарапшылық ойлардың тоғысуына жол ашты.