ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығында өндірістік практика өтуде
28.05.2026
Көріністер: 28
Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлемдік және қазақ философиясы орталығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті гуманитарлық ғылымдар кафедрасының «Философия» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттері өндірістік практикадан өтуде.
Практиканың негізгі мақсаты - студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мекемелердің қызметімен таныстыру және практикалық дағдыларын жетілдіру.
Практика аясында студенттер Орталықтың ғылыми-зерттеу, сарапшылық және ұйымдастырушылық қызметімен танысып, заманауи философия, рухани мұра, ұлттық құндылықтар мен гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе жинақтауда.
Сонымен қатар ғылыми ортадағы кәсіби жұмыс ерекшеліктерін меңгеріп, зерттеу мәдениеті мен талдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алуда.