2025 жылғы 11 маусым. Иран Ислам Республикасының Мәдениет және исламдық қатынастар ұйымында (ICRO) ғылым және білім бағыты бойынша серіктестік бөлімінің басшысы Мұхаммед Әли Раббани мырзамен ресми кездесу өтті. Сонымен қатар ФСДИ жетекші ғылыми қызметкерлері Лаура Тоқтарбекова мен Мадина Бектенованың ғылыми іссапар бағдарламасын үйлестіруші әрі университеттер мен зерттеу институттарымен кездесулерді ұйымдастыруға жауапты Ферудини ханыммен сапар нәтижелері талқыланды. Әңгіме барысында Иран мен Қазақстан арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту, академиялық алмасуларды жүйелеу және бірлескен жобалар аясында ынтымақтастық орнату мәселелері қарастырылды.