ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алматы қаласының сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуі
2025 жылдың 25 ақпанында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда сарапшылар қоғамдастығының өкілдерімен арнайы кездесті. Ол Парламент пен аналитикалық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту Мемлекет басшысының реформаларын сапалы іске асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сенат Спикерінің айтуынша, Парламент пен сарапшылар арасындағы диалог – заң шығару процесін жетілдірудің маңызды тетігі. Қазақстан заманауи технологияларды дамытып, инвестициялар тартып, әлемдік экономикаға белсенді интеграциялануы тиіс. Бұл үшін шешуші қадамдар мен аналитикалық әлеуетті күшейту қажет екенін айтты.
Философия, саясаттану және дінтану институтының атынан арнайы кездесуге бас ғылыми қызметкер Вячеслав Додонов қатысты.