Жас мамандармен кездесу
21.11.2025
Көріністер: 430
ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығы жас мамандармен «Дінтану мен психология колобарациясы» тақырыбында кездесу өткізді.
Дінтану және психология бағыты бойынша зерттеу жасап жүрген жас мамандар Институт ғалымдарымен аталмыш мәселелер төңірегіндегі түйіткілдерді жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында дінтану мен психология арасындағы ғылыми байланысқа тоқталып, оның ғылыми негізіне қатысты тың пікірлер айтылды. Сондай-ақ, ФСДИ зерттеушілері аталмыш мәселелер бойынша ойларымен бөлісіп, болашақта екі тарапқа да ортақ ғылыми еңбектер даярлау мүмкіндіктерін қарастырды.
Дінтанулық зерттеулер орталығының PhD, психолог-педагогы Еңлік Қасабекова бұл тақырыптың заманауи түйіткілдерді қамтитынын ескере отырып, болашақта ортақ ғылыми-зерттеу еңбегін шығару мүмкіндігін қарастырудың қажеттілігін алға тартты.