Бүгін 22.08.2023 «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалында синтетикалық есірткі мен электрондық темекіні қолдану мен таратуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов, қалалық мәслихат депутаттары Әсия Ақанова мен Бекбол Рамазан, белсенді жастар және сарапшылар кездесуі өтті. ФСДИ тарапынан ғылыми қызметкер Шынар Бақытжан аталмыш іс-шараға қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар есірткіге тәуелді адамдарды оңалту бойынша кәсіби тәжірибелерімен бөлісті, жергілікті және республикалық деңгейде есірткіні қолдану мен таратуға қарсы күрес жөніндегі бағдарламаларды іске асыру жоспарын талқылады және әзірледі.
ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы