Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналының 2026 жылғы 3-нөмірін (24-том, № 3)
05.10.2026
Көріністер:  8

«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналының 2026 жылғы 3-нөмірін (24-том, № 3)
Құрметті әріптестер, зерттеушілер, авторлар және оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға «Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналының 2026 жылғы 3-нөмірін (24-том, № 3) ұсынамыз.

 Жаңа шығарылымда философия, саясаттану және қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар топтастырылған. Нөмірде ұсынылған зерттеулер қазіргі қоғамдағы философиялық, әлеуметтік, саяси және мәдени үдерістерді пайымдауға бағытталған кең ауқымды мәселелерді қамтиды. Авторлар заманауи гуманитарлық зерттеулердің теориялық және қолданбалы қырларын ашып, ғылыми пікірталастың дамуына және жаңа зерттеу бағыттарын қалыптастыруға үлес қосады.

«Әл-Фараби» журналы 2003 жылдан бері Философия, саясаттану және дінтану институты тарапынан шығарылады және ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауға арналған танымал академиялық алаң болып табылады. Басылым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) философия ғылымдары бойынша ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне, сондай-ақ диссертациялық зерттеулердің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестаттау комиссиясы ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген.

Жаңа шығарылым материалдарымен танысуға шақырамыз: https://alfarabijournal.org/index.php/journal/issue/view/46


← Тізімге қайту