Г.Ғ. Барлыбаева,
ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және
дінтану институтының бас ғылыми қызметкері,
философия ғылымдарының докторы
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ШАМШЫРАҚ
Қазақстан халқына арналған 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Президент Жолдауы маңызды саяси жағдай ғана емес, мемлекеттік саясаттың барлық мәселелерін, сонымен бірге республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінің барлық салаларында дамуының стратегиялық бағыттарына жаңа мүмкіндіктер береді. Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауының басты негізі – шешілмеген қиындықтары мен ой-толғамдары бар адамға арналған. Мұнда Мемлекет басшысы Абайдың «толық адам» тұжырымдамасын мысалға келтіруі бекер емес, яғни рухани байыған және әлеуметтік қорғалған адамға арнамай іске асыру мүмкін емес.