Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!
10.03.2026
Көріністер:  145

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ға қарасты «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге коалиция мүшелері Айгүл Садвокасова, Руслан Идрисов және Серікболсын Сарыбаев қатысты. 

Кездесу барысында алдағы республикалық референдумның маңызы мен ұсынылып отырған Конституция жобасының негізгі бағыттары жөнінде әңгіме өрбіді. Теміржол саласының қызметкерлерімен ел дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңызы атап өтілді.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұжым мүшелері өз ойларын білдіріп, алдағы референдумға қатысты көзқарастарын жеткізді.

← Тізімге қайту