Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Болашақ ғылыми жобаларға қадам
11.11.2025
Көріністер:  297

Болашақ ғылыми жобаларға қадам
11 қараша күні Философия, саясаттану және дінтану институтының делегациясы бас директор Айгүл Садвокасованың жетекшілігімен «Ғылым ордасы» бас директоры Ұлар Мұкажановтың шақыруымен аталған мекеменің Сирек басылымдар қорына барды.

Институт қызметкерлері 1896–1935 жылдары жарық көрген ғылым тарихы мен философиясы, шығыстану және әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулердің өзге де бағыттары бойынша бірегей кітаптар жинағымен танысты. Кездесу барысында Ұлар Мұкажанов «Ғылым ордасында» жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалар туралы айтып, тараптар бірлескен жұмыстың перспективалық бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, ФСДИ қызметкерлері Сирек кітаптар музейіне де барды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою және ортақ зерттеулерді жүзеге асыруға арналған нақты қадамдарды қамтитын Жол картасын әзірлеу жөнінде келісімге келді.


← Тізімге қайту