Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның отырысы
11.11.2026
Көріністер: 61
Философия, саясаттану және дінтану институты Ауғанстанның қазіргі даму мәселелеріне, оның өңірлік байланыстар жүйесіндегі рөлі мен Орталық Азия қауіпсіздігіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізуге ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылар Ауғанстандағы ішкі саяси үдерістерді, өңірлік ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, елдің сыртқы саяси және экономикалық байланыстарын, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлерін талқылады.
Пікірталас барысында БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан жөніндегі экс-Арнайы Өкілі, Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Роза Отунбаева сөз сөйледі.
Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзін Институттың ұйымдастыру-қаржы жұмысы жөніндегі бас директордың орынбасары Айтжамал Аманжолова да арнады.