2024 жылғы 16 мамыр бейсенбіде ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.
ФСДИ Бас директоры С.Т. Сейдуманов ғылыми кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстыра отырып, Бас директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ш.Е. Жаманбалаеваға алғашқы сөзді ұсынды. Ол "ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын іске асыру барысы туралы" тақырыбында баяндама жасады.
Содан кейін төмендегі хабарламалар тыңдалды:
· ФСДИ бас ғылыми қызметкері Р.К. Қадыржанов;
· ФСДИ бас ғылыми қызметкері С.Е. Нұрмұратов;
· ФСДИ жетекші ғылыми қызметкері Д.А. Сихимбаева;
· ФСДИ жетекші ғылыми қызметкері А.Д. Шағырбай;
· ФСДИ жетекші ғылыми қызметкері А.Алтайқызы
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ФСДИ Ғылыми кеңесінің мүшелерінің алдында "Цифрлық гуманитаристика және есептеу әлеуметтік ғылымдары орталығын құру туралы" хабарламамен цифрлық гуманитаристика және есептеу әлеуметтік ғылымдары орталығының басшысы Е.Б. Тоқтаров сөз сөйледі.
Күн тәртібінегі үшінші «әртүрлі» мәселелер бойынша рецензент Д.А. Сихимбаеваның Г.С. Абдрахманованың монографиясы бойынша "Азамат соғысы кезіндегі Шығыс Қазақстан: контрреволюциялық үкімет саясаты" тақырыбындағы хабарламасы тыңдалды.
ФСДИ Ғылыми кеңесінің отырысы барысында Институттың ғылыми қызметкерлер тобына "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" РҚБ басшылығы атынан жазбаша алғыс хаттар табысталды.
ФСДИ Ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы