Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
22.06.2023
Көріністер:  429

ФСДИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

                      ФСДИ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

2023 жылдың 21 маусымы, сәрсенбіде ҚР ҰҒА академигі, ФСДИ Бас директоры С.Т. Сейдумановтың басшылығымен ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша "Жаһандық трансформация жағдайында қазақстандық қоғамда әділдік мазмұнына және оны іске асыруға заманауи тұжырымдамалық тәсілдер" тақырыбында іргелі ғылыми зерттеуді іске асыру бойынша хабарламалар тыңдалды. ФСДИ Ғылыми кеңесінің мүшелері Институт Бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ш.Е. Жаманбалаевадан, Философия орталығының директоры С.Е. Нұрмұратовтан, Дінтану орталығының директоры А.Д. Шағырбайдан және Саяси зерттеулер орталығының директоры А.М. Әміребаевтан келіп түскен хабарламаларды тыңдап, өз шешімімен бекітті.

Осыдан кейін ФСДИ бас ғалым хатшысы Д.М. Жаңабаева 2022-2023 оқу жылында ҚР ҒЖБМ философия, саясаттану және дінтану институтының докторанттарын аттестаттау рәсімін ұйымдастырды.   

Үшінші мәселені қарау барысында ФСДИ Ғылыми кеңесінің мүшелері ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы Г.Г. Барлыбаеваның "Қауымдастырылған профессор" ғылыми атағын беруге кандидатурасын бекітті.

Отырыс соңында ФСДИ Ғылыми кеңесінің мүшелері 2023 жылдың екінші жартыжылдығына бағышталған алдағы жұмыс кезеңіне арналған жалпы ұйымдастыру мәселелерін қарады.

 

 

ФСДИ ақпараттық-ұйымдастыру жұмысы орталығы


← Тізімге қайту