Шолпан ЖАМАНБАЛАЕВА, Философия, саясаттану және дінтану институты бас директорының орынбасары
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды тағатсыздана күтіп, тыңдап шықтым. Себебі, Қазақстан Республикасының азаматшасыретінде Жаңа Қазақст анды құру жолындағы өзгерістер мен жоспарлар, нақты қадамдармен таныс болғым келді. Президент Қазақстан халқына жасаған кезекті Жолдауында еліміздегі жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси-әлеуметтік жүйені жаңғыртуарқылы әділетті Қазақстанды құру екендігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, кіші және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясатын енгізу өзге де бағыттарға «бір терезе» қағидатын енгізуді атап өтті.
Саяси құжаттың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тың жаңалықтарға толы болды. Мұнымен бірге, білім, бала болашағы, табысты ұлт болудың сатыларына да кезекпен тоқталды.
Әсіресе, Жолдауда мені қызықтырғаны, Президенттің «Біз «Азамат – бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз» деген сөзі көп кәсіпкерге серпін бергендей. Оның дәлелі шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқат ар бағытт арды ұсынды. Мұнымен қоса қарапайым еңбек адамдарында назардантыс қалдырмай, ең төменгі жалақыны 70 мыңға дейін көтеру керектігін қадап айтты.
Біз саяси трансформациямен, саяси бәсекелестіктің өсуімен, жаңа сын-тегеуріндерге жауап іздеумен сипатталатын мемлекетіміздің дамуының жаңа кезеңіне кірдік. Саяси құжаттың соңында Президент еліміздің саяси өмірінде бірқатар өзгерістер орын алатындығын жеткізді.
Әділетті Қазақстанда Отбасы гүлденген, ұлт – білімді және дені сау қоғам – еңбекке қабілетті және белсенді болуы тиіс.
Халық үніне құлақ ас атын мемлекет тұжырымдамасы негізінде қазақстандық қоғам тең құқықтар мен мүмкіндіктердің, бірыңғай заң мен тәртіптің, әділдікті қамтамасыз етудің алаңына айналуы үшін үлкен жұмыс күтіп тұр.
Газета «ALMATY AQSHAMY» №114-115 (6250) 4 қазан, сейсенбі, 2022 жыл
https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/10/n114.pdf