Философия, саясаттану және дінтану институтының Саяси зерттеулер орталығында «ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын сараптамалық талқылау» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шараға аталған институттың Бас директоры Серік Сейдуманов, Саяси зерттеулер орталығының басшысы Айдар Әміребаев, институттың бас ғылыми қызметкері Рүстем Қадыржанов, Философия орталығының басшысы Серік Нұрмұратов, Саяси зерттеулер қауымдастығы РҚБ президенті Есенжол Қаниұлы, тәуелсіз саясаттанушы Дәурен Әбен, қоғам белсенділері, ғалымдар, тілшілер және т.б. қатысты.
Жиында елімізде өткен кезектен тыс Президент сайлауы туралы ой-пікірлер, саяси көзқарастар айтылды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының алдағы биік белестерге қойған мақсаттары мен міндеттері турасында ой-пікірлер талқыланды.
Отырыс барысында қатысушы- лар сайлау нәтижесі туралы пікір- лерімен және саяси дискурстың одан әрі дамуына қатысты бол- жамдарымен бөлісті.
Газета «Almaty AKSHAMY» №138 (6273) 22 қараша, 2022 жыл
https://almaty-akshamy.kz/uploads/files/2022/11/n138.pdf