Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматыда «Желтоқсан-86: тарихи сабақтар және жоғары саяси жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Дөңгелек үстел жұмысына белгілі қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Биыл Желтоқсан оқиғасына 36 жыл. Осыған байланысты ғылыми конференцияда бас қосқан мамандар көптеген өзекті мәселелері талқылады. Еліміздің егемендік алуына 1986-шы жылғы Желтоқсан көтерілісінің ықпалы зор болды. Алайда әлі күнге дейін Желтоқсан қозғалысы ғылыми деңгейде зерттеліп, тиісті бағасын ала алмай келеді,-дейді конференцияға қатысушылар.
НҰРЛЫБЕК ҚУАНБАЕВ, «ЖЕЛТОҚСАН ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
00 18 42 Желтоқсан көтерілісіне әлі нақты, көтірілістің өзіне саяси баға берілген жоқ. Әлі күнге дейін Желтоқсан оқиғасы деп айтады. Желтоқсан көтерілісінің мына қатысушыларына ардагер деген жеке статус мәртебе берілген жоқ.
Дәл сол кезде жастар әлеуметтік мәселе үшін емес, қазақ елінің болашағы үшін алаңға шықты. Рухани байлығымыз жоғалып бара жатты. Қазақтың тілі мен діні, салт-дәстүрін сақтап қалу үшін қаншама жас жапа шекті. Сондықтан Желтоқсан көтерілісі туралы ортақ заң қабылдануы керек,-дейді мамандар.

ГҮЛБАХРАМ ЖҮНІС, «ЖЕЛТОҚСАН-86» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
00 26 06 Бүгінгі күнде Алматы қаласында үлкен жеңілдіктер жасалып отыр. Көліктерде тегін жүру деген сияқты. Ал енді сол бүкіл қазақ елінің көлемінде болу керек. Өйткені біздің өңір-өңірде желтоқсандықтарымыз бар.
2006 –шы жылы мемлекеттік бюджеттің тапшылығына байланысты Желтоқсанға қатысушыларға берілетін жеңілдіктер алынып тасталған екен. Енді Желтоқсан күрескерлерінің сол әлеуметтік қолдау қайтарылса деген талап-тілегі бар.

Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарынбаев Хабар Агенттігі Алматыдан.