Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ЖЫЛ БАСЫ ӘЗ-НАУРЫЗБЕН ҚАТАР КЕЛГЕН БҰЛ САЙЛАУДА БАРШАМЫЗҒА БЕЛСЕНДІЛІК ҚАЖЕТ
17.03.2023
Көріністер:  216

ЖЫЛ БАСЫ ӘЗ-НАУРЫЗБЕН ҚАТАР КЕЛГЕН

БҰЛ САЙЛАУДА БАРШАМЫЗҒА БЕЛСЕНДІЛІК ҚАЖЕТ

 

    

Саясат Бейісбай, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы.

 

      Сонымен Ұлыстың ұлы күні, жыл басы әз-Наурызбен қатар келген биылғы Парламент сайлауы жақсылықтың, жасампаздықтың, өркендеп дамудың жақсы нышаны деп үміттенейік.

       Өйткені, ол сайлаудан бұл сайлаудың ерекшелігі көп. Соның бәрін тәптіштеп жатпайық, көзіқарақты оқырман оны бағамдап, көріп, біліп отыр. Жаңа Қазақстанды өркендету, елде әділетілік орнату, өткен жылдары жіберілген кемшліліктерден сабақ алып, жағдайды түзету өзіміздің қолымызда. Ол үшін ел мүддесін қорғайтын, сол үшін жанын сала күресетін халық қалаулыларын дөп басып таңдап, лайықтыларын сайлап алу сіз бен бізге байланысты.

    Демек, бұл сайлауға қатысу - міндет. Біле-білсек, белсенділік таныту әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Сайлаудан қалыс қалмай, еліміздің дамуына немқұрайды қарамай, әділетті Қазақстанды орнатып, дамытуға баршамыз ел патриоты ретінде өзі үлесімізді қоса білейік.

    Наурыз мейрамымен бастау алған жыл басы елімізді жақсылыққа жетелесін.

 

 


← Тізімге қайту