Білімі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Социология» мамандығы бойынша аяқтаған.
Ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы
Социология ғылымдарының докторы. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің дамуын социологиялық талдау» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Ғылыми тағылымдамалары
2022–2023 жж. – «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (АҚШ, Syracuse University, Maxwell School of Citizenship and Public Affairs)
Еңбек қызметі
1995–1997 жж. – Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің социология кафедрасының оқытушысы
2001–2002 жж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаментінің бас маманы
2002 ж. – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің БАҚ департаменті БАҚ-ты есепке алу және мониторинг бөлімінің басшысы
2002–2003 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасы ҒЗИ директорының орынбасары
2005–2006 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының социологиялық орталығының басшысы
2006–2007 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының саяси технологиялар кафедрасының доценті
2006–2007 жж. – «KazEnergy» қауымдастығының сарапшы-талдаушысы
2007–2010 жж. – «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының социологиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі
2011–2020 жж. – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңірлік хабындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы
2020–2025 жж. сәуір – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары
2025 жылдың сәуір айынан бастап – ҚР ҒЖБМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК Бас директоры
Қоғамдық қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы
Ғылыми және әдеби еңбектері
Қазақстандық және шетелдік басылымдарда 100-ден астам мақала мен жарияланымдардың авторы.
Этносаясат, этносаралық жағдайды социологиялық мониторинг әдістемесі бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуге қатысқан.