Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Шоманов Аскар Жумабаевич
Главный научный сотрудник Центра сравнительных политических исследований
    N
Білімі

1988-1993 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, философ, философия мұғалімі

1993-1996 жж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, аспирантура, философия ғылымдарының кандидаты

2001 ж. – доцент


Ғылыми тағылымдамалар

1998 ж. – Жапония халықаралық қатынастар институты (Токио қ., Жапония).

2003, 2005 жж. – Джордж С. Маршалл атындағы Еуропалық қауіпсіздікті зерттеу орталығының жанындағы Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер колледжі (Гармиш-Партенкирхен қ., Германия).


Еңбек қызметі

1995-1999 жж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Философия және ғылымдар әдістемесі кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент міндетін атқарушы;

1999-2002 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының консультанты, сектор меңгерушісі;

2002-2005 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары;

2005-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты директорының бірінші орынбасары;

2007-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі;

2008-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығы басшысының орынбасары;

2009-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2011-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы;

2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

2015-2018 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі;

2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Президенті Кеңсесінің ақпараттық-талдау секторының меңгерушісі;

2019 ж. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары;

2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2022 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының кеңесшісі;

2022-2024 жж. – Қазақстан Республикасының Президенттік орталықтың Ғылыми-зерттеу және халықаралық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері;

2024 ж. бастап – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, бас ғылыми қызметкері.


Марапаттары

«Құрмет» ордені (2021 ж.);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001 ж.);

«Астана қаласына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008 ж.);

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.);

«Астана қаласына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.);

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 ж.);

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 ж.);

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі. №01154, 2025 жылғы 7 сәуір;

Бірқатар ведомстволық алғыс хаттар мен грамоталар.


Ғылымометриялық негіздердегі профильдер

ORCID: http://orcid.org/0009-0005-4048-4622