← Назад к списку

Әзірбайжан Республикасы, Баку қаласына жасаған ғылыми іс-сапардың есебі

    2021 жылдың 24-қазан мен 04-қараша аралығында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері Е.С.Кумисходжаев., Шынтемирова Б.С., А.Д.Шағырбай «Қазақстанның тұрақты даму стратегиясы контекстінде қоғамның мәдениеті мен құндылықтарын зерттеу» жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Азербайжан Республикасы, Баку қаласында ғылыми іс-сапарда болдық.

    Іс-сапарымыз Баку қаласындағы Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы Философия және әлеуметтану институтының директоры И.Р. Мамедзаде мырзамен кездесіп меморандумға қол қоюдан басталды. И.Р.Мамедзаде мырза Философия және әлеуметтану институтының ғалымдарымен таныстырып, институттың тарихын баяндап берді. Іс-сапардың екінші күні Философия және әлеуметтану институты директорының ғылым бойынша орынбасары Эйнулла Ядуллаоглу Мадатли мырза бастаған ғалымдармен пікір алмасып, өз кезегінде бүгінгі таңда өзекті мәселелерге арналған институтымыздың жаңа ғылыми еңбектерін әзірбайжандық ғалымдарға табыстадық.

    27- қазан күні «Виртуалды зертхана, жасанды интеллект және философия» атты ғылыми семинарға қатысып ғалымдармен пікір алмастық.

    29 - қазан күні «Жеңіс философиясы: Оңтүстік Кавказдағы жаңа шындық, бейбітшілік және әлемдік тәртіп» атты халықаралық конференциясына қатыстық.

ФСДИ жетекші ғылыми қызметкері - А.Д. Шағырбай 

ФСДИ ғылыми қызметкері - Е.С.Кумисходжаев

ФСДИ ғылыми қызметкері - Б.С.Шынтемирова 


← Назад к списку