2024 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институтында «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл: халықаралық турбуленттілік жағдайында тарихи жады және әділеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мәнін тарихи жады, әлеуметтік әділеттілік және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістер тұрғысынан ғылыми талдау және жан-жақты талқылау. Халықаралық қатынастардағы шиеленістің күшеюі, тарихи баяндауларды қайта қарау, тарихи ревизионизмнің белсенділігі және жаһандық қатынастардағы қақтығыс әлеуетінің өсуі жағдайында Екінші дүниежүзілік соғыстың феноменін тарихи жадының элементі және өркениеттік бағдарлар көзі ретінде ғылыми талдау ерекше маңызға ие.
Іс-шара барысында келесі ғылыми бағыттар талқыланды:
• Ұлы Отан соғысы және/немесе Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің адамзаттың ұжымдық жады оқиғасы ретіндегі интерпретациялары мен сын-тегеуріндері;
• Тарихи шындық пен жадыны саяси манипуляциялау: «постшындық» дәуірінде ғылыми объективтілікті қалай сақтау керек;
• Екінші дүниежүзілік соғыс және Ұлы Отан соғысы туралы ғылыми дискурс: тәсілдердің эволюциясы, тарихи таным методологиясы және интерпретация шекаралары;
• Қазіргі жастардың Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларын қабылдауы.
Іс-шараға институттың жетекші саясаттанушылары, әлеуметтанушылары және экономистері қатысып, талқыланған тақырыптар аясында өздерінің көзқарастары мен тәжірибелерімен бөлісті.
ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Саяси зерттеулер орталығы