ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
23.09.2026
2026 жылғы 23 қыркүйекте Философия, саясаттану және дінтану институтында ІҒЗ ғылыми жобаларының орындаушыларының қатысуымен әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына Бас директордың орынбасары Шолпан Джаманбалаева және Институт қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Институттың Ғылыми орталықтарының өкілдері өздерінің зерттеу бағыттары бойынша презентациялар жасап, көптік бірегейлік мәселесін зерделеудің теориялық-әдіснамалық тәсілдерін таныстырды. Баяндамаларда көптік бірегейліктің философиялық, саясаттанулық, дінтанулық және цифрлық қырлары, сондай-ақ бірегейліктің шоғырландырылған моделі мен Қазақстан қоғамының цифрлық болмысындағы көптік бірегейліктердің қалыптасу мәселелері қарастырылды.
Презентациялардан кейін ғылыми талқылау өтіп, қатысушылар жобалар аясындағы алдағы жұмыс бағыттары бойынша пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.