Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Халықаралық сарапшылық кездесу
01.09.2026
Халықаралық сарапшылық кездесу
1 қыркүйек күні ФСДИ Дінтанулық зерттеулер орталығында Швециядағы Сёдертёрн университетінің доценті Юлия Градскова және SDU профессоры Ғалым Жүсіпбекпен кездесу өтті.

Кездесуге Дінтанулық зерттеулер орталығының жетекшісі Алмасбек Шағырбай, бас ғылыми қызметкер Бақытжан Сатершинов, ғылыми қызметкерлер Асылтай Тасболат және Нұрмұхаммед Мейманхожа қатысты.

Кездесу барысында гуманитарлық зерттеулер контекстіндегі шетелдік және қазақстандық ғылыми дискурстың ерекшеліктері, зерттеу басымдықтары және тарихи шолу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қазіргі гуманитарлық зерттеулердің өзекті бағыттары мен ғылыми тәсілдер жөнінде пікір алмасу өтті.

Екіжақты кездесу аясында Институт тарапынан дайындалған ғылыми-зерттеу еңбектері қонақтарға сыйға тартылып, зерттеу бағыттары бойынша дискурстық сұхбат жүргізілді.