Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

АШЫҚ ТАЛҚЫЛАУ
07.10.2026
АШЫҚ ТАЛҚЫЛАУ
7 қазанда Институтта философ, қазіргі саяси және өркениеттік үдерістерді зерттеуші Валихан Төлешовтың ««Текстурализм: Философия после конца глобальности» («Текстурализм: жаһанданудан кейінгі философия») атты кітабының ашық талқылауы өтті.

Кездесудің ашылуында Институттың бас директоры Айгүл Садвокасова құттықтау сөз сөйлеп, кітаптың жарық көруімен авторды құттықтады. Ол мұндай ғылыми кездесулердің кәсіби пікір алмасу, ғылыми ой-пікірді дамыту және қазіргі философия мен қоғамдық-саяси ойдың өзекті мәселелерін талқылаудағы маңызын атап өтті.

Кездесу барысында В.Төлешов өз кітабының негізгі идеялары мен тұжырымдамалық ұстанымдарын таныстырды. Автордың назарында жаһанданудан кейінгі әлемді философиялық тұрғыдан пайымдау, қазіргі әлемдік құрылым туралы қалыптасқан түсініктердің өзгеруі, жаһандық әлемнен өркениеттік кеңістіктердің көптүрлілігіне өту мәселелері болды.

Кітапта философия, саясат пен өркениеттік динамиканың өзара байланысына, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Еуразияның жаңа әлемдік құрылымның қалыптасуындағы орнына ерекше назар аударылады.

Кітаптың таныстырылымы ашық пікірталасқа ұласып, қатысушылар еңбекте ұсынылған идеялар мен қазіргі философия, геосаясат және өркениеттік зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Іс-шараға Институт қызметкерлері, зерттеушілер және сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.