Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Шетелдік философпен жұмыс кездесуі
25.12.2025
Шетелдік философпен жұмыс кездесуі
2025 жылғы 25 желтоқсанда Философия, саясаттану және дінтану институтының Әлемдік және қазақ философиясы орталығында Әзербайжан техникалық университетінің өкілі, шетелдік философ Айуб Керимовпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында түркі философиясын зерттеуді дамыту мен қайта пайымдаудың өзекті бағыттары талқыланып, жаңа ғылыми идеялар мен перспективалы әдіснамалық ұстанымдар айқындалды. Сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға және ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу тақырыбы аясында мазмұнды баяндамалармен философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер Гаухар Барлыбаева, сондай-ақ философия ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер Қуаныш Әлжан сөз сөйледі. Баяндамалары талқыланған мәселелердің негізгі қырларын қамтып, ғылыми пікірталастың әрі қарайғы бағытын айқындады.

Кездесу қорытындысы бойынша қонаққа ФСДИ қазақ және әлемдік философиялық ойдың заманауи зерттеулерін қамтитын ғылыми басылымдары табыс етілді.