Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Институт қабырғасында ЕО-ның логистикалық секторындағы еңбек көші-қоны мәселелері талқыланды
08.10.2026
Институт қабырғасында ЕО-ның логистикалық секторындағы еңбек көші-қоны мәселелері талқыланды
8 қазанда Философия, саясаттану және дінтану институтында «ЕО логистикалық секторындағы еңбек көші-қоны: Орталық Азиядан келген жүргізушілердің құқықтары мен құқықтық мәртебесін қорғау» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Кездесу Орталық Азия азаматтарының Еуропалық Одақ елдеріне еңбек көші-қоны, олардың құқықтық мәртебесі және логистикалық сектордағы еңбек жағдайларына арналды. Қатысушылар еңбек құқықтарын қорғау тетіктеріне, көші-қон заңнамасына және ЕО елдерінде жұмыс істейтін Орталық Азиядан келген жүргізушілер кездесетін негізгі мәселелерге назар аударды.

Іс-шараның ашылуында Институттың бас директоры Айгүл Садвокасова құттықтау сөз сөйлеп, еңбек көші-қоны және шетелде жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

•  Фридрих Эберт Қорының Орталық Азиядағы өңірлік директоры Филипп Ян қордың қызметі және әлеуметтік мәселелер бағытындағы жұмысы туралы айтып, кездесу қатысушыларын құттықтады.

•   Кездесуді «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Рақышева жүргізді.

Сарапшылық пікірталасқа Қазақстан, Қырғызстан, Германия және Нидерландтан келген мамандар қатысты:

•   Зәуреш Шутова, Фридрих Эберт қорының (FES) Астанадағы кеңсесінің басшысы;

•   Санат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері;

•   Анна Вайрих, «Faire Mobilität» консультациялық желісі, Германия;

•   Эдвин Атема, RTDD қоры / FNV кәсіподағы, Нидерланд;

•   Джулио Бенедетти, Маастрихт университеті / SSE Riga;

•   Нургуль Кадыркулова, Қырғыз Республикасы Парламенті жанындағы Көші-қон кеңесі;

•   Нұрхан Жалиев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» КеАҚ Талдау және стратегиялық даму департаментінің басқарушы директоры.

Кездесу барысында қатысушылар ЕО елдерінде жұмыс істейтін Орталық Азиядан келген жүргізушілердің еңбек жағдайы мен құқықтық мәртебесін, олардың еңбек құқықтарын қорғау тетіктері мен көші-қон заңнамасына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар еуропалық логистикалық секторда жұмысқа орналасу және еңбек ету кезінде кездесетін практикалық мәселелер, құқықтық және әлеуметтік қолдауға қол жеткізу мәселелері қарастырылды.