ӨМІР МЕН ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ «ОБРЕТЕНИЕ СЕБЯ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНДЕ
01.04.2026
2026 жылдың 1 сәуірінде Философия, саясаттану және дінтану институты қабырғасында көрнекті қазақстандық философ Рүстем Кадыржановтың өмірі мен ғылыми жолына арналған «Обретение себя - Рүстем Қадыржанов» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Р. Қадыржанов - философия ғылымдарының докторы, профессор және Институттың бас ғылыми қызметкері. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы философия және саясаттану саласында ғылыми қызметпен айналысып келеді. Ғалымның зерттеу бағыттары тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық саясат пен бірегейлік мәселелерін, сондай-ақ саяси жүйелер мен элиталарды талдауды қамтиды. Ол көптеген ғылыми еңбектердің авторы және еліміздің академиялық қауымдастығында кеңінен танылған.
Фильмнің режиссері Әсия Байғожина. Туындыда ғалым тұлғасы ішкі ізденіс, жеке тағдырын, халықтың, отбасы мен әулеттің тарихын пайымдау тұрғысынан ашылады. Картинада өзін-өзі тану және тұлғаның рухани қалыптасуы сияқты терең философиялық мәселелер қозғалады.
Фильм көрсетілімі Институт қызметкерлері, зерттеушілер мен қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Туынды өзінің тереңдігімен және шынайылығымен назар аударып қана қоймай, тұлға философиясы, жеке бірегейлікті іздеу және қазіргі қоғамның рухани бағдарлары туралы мазмұнды пікірталасқа негіз болды. Талқылау барысында қатысушылар өзін-өзі тану мәселелері, тарихи үдерістегі тұлғаның рөлі және жаһандық өзгерістер жағдайындағы ұлттық сананың маңызы жөнінде ой алмасты.
Осылайша, фильм көрсетілімі Институттың ғылыми-мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, өзекті философиялық мәселелерді терең пайымдауға және академиялық ортадағы кәсіби диалогтың дамуына ықпал етті.