10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік саясат жүйесінің өзегіне айналуы тиіс екенін атап өтті.
11.02.2026
0 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік саясат жүйесінің өзегіне айналуы тиіс екенін атап өтті.
ФСДИ Цифрлық әлеуметтік ғылымдар орталығының жетекшісі Рүстем Мұстафин:
— «Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағанда, мен оны ең алдымен Үкіметке қойылған тікелей басқарушылық талап ретінде қабылдаймын. Бұл — ұран да, көрсетілім де емес. Белгі өте қарапайым: ескі бюрократиялық әдістер енді қалыпты норма ретінде қабылданбайды. Енді кәсібиліктің өлшемі — басқаруды деректерге, үдерістерге және цифрлық инфрақұрылымға негіздей алу қабілеті».
Informburo.kz