ИРН: AP22686408
Руководитель проекта: Тленчиева Ш.
Азаматтардың субъективті әл-ауқаты және олардың әлеуметтік өмірдің әртүрлі салаларына қатынасы қоғамның жағдайын көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады.
Жоба өңірлер бойынша халықтың бақыт деңгейіне әсер ететін факторларды анықтауға және халықтың өмір сүру сапасын басқару бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру әртүрлі елдердің әл-ауқатының деңгейін салыстыруға және өңірлерге әсер ететін жалпы тенденциялар мен айырмашылықтарды анықтауға, институционалдық, құндылық жағдайлар мен халықтың бақыты арасындағы қарым-қатынас жағдайын анықтауға, аймақтардың өзгешелігін, ел аймақтары тұрғындарының бақытты болуына өмірлік факторлардың әсер ету ерекшеліктерін анықтауға, Қазақстан аймақтарындағы халықтың құндылықтарын, қажеттіліктері мен басымдықтарын нақтылауға мүмкіндік береді.
Постдокторлық бағдарлама аясындағы зерттеу «Қазақстандағы бақыт деңгейінің әлеуметтанулық өлшемі (қалалық және ауылдық елді мекендер мысалында)» тақырыбындағы диссертациялық жұмыстың жалғасы және бақытты өңірлер бөлінісінде тереңірек зерттеу болып табылады.
Жоба аясында мақсатқа жету үшін халықтың бақытты болуына әсер ететін факторлар 4 (төрт) деңгейге бөлінеді: макроәлеуметтік және макроэкономикалық факторлар, институционалдық және құндылық факторлары, өміршеңдік факторлары, функционалдық факторлар.
Жобаны іске асыру нәтижесінде әзірленген ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады және тәжірибеде қолданылған кезде анықталған бақытқа әсер етуші факторлар арқылы халықтың өмір сүру сапасын басқаруды жетілдіруді кеңейтуге ықпал етеді.