Нусипова Гульнара Игенбаевна
Жеке мәліметтер:
14 қаңтар 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген
Білімі:
Жоғары.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Халықаралық қатынастар факультеті, мамандығы – саясаттанушы.
- Магистратура: Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің және «Ғылым ордасы» кешенің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламалары (2016-2018 жж). Диссертация тақырыбы: «Қазақстандық қоғамның жаңғыруын әлеуметтік-философиялық талдау».
- Докторантура: Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің және «Ғылым ордасы» кешенің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламалары (2018-2021 жж). Диссертация тақырыбы: «Қазақ философиясының рухани-адамгершілік өлшеміндегі еркіндік құбылысы: дәстүрден жаңғыруға дейін».
Ғылыми дәреже:
гуманитарлық ғылымдарының магистрі.
Еңбек қызметі:
- 1997–2007 – Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясы Философия институтының аға лаборанты;
- 2007–2011 – ҚР БҒМ РМҚК «Философия және саясаттану институты» саясаттану бөлімінің ғылыми қызметкері;
- 2011–2016 – ҚР БҒМ ҒК РМҚК «Философия, саясаттану және дінтану институты» «Адам әлемі – Мир человека», «Аль-Фараби» журналдарының техникалық редакторы;
- 2016 – қазіргі уақытта ҚР БҒМ ҒК РМҚК «Философия, саясаттану және дінтану институты» философия бөлімінің ғылыми қызметкері
Негізгі ғылыми жарияланымдар:
25-тен аса ғылыми жарияланымдардың авторы.