Философия, саясаттану және дінтану институты

2026 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласында қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ҚР жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған «Жаңа Конституция – жаңа серпін» атты дөңгелек үстел өтті.
01.07.2026
Көріністер:  29

Іс-шараға ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, шығармашылық зиялы қауымның, мемлекеттік органдардың, мәслихаттың, қоғамдық кеңестер мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.

✔️Дөңгелек үстел жұмысына Философия, саясаттану және дінтану институты атынан Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Шолпан Джаманбалаева және Әлеуметтану орталығының жетекшісі Шырын Тленчиева қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция қағидаттарын мемлекеттік басқару жүйесінде тиімді іске асыру, құқықтық мәдениетті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық келісім мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қатысушылар елдің орнықты дамуына ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың қосар үлесі жөнінде пікір алмасып, жаңа Конституцияның әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

← Тізімге қайту