2026 жылғы 5 маусымда ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының бас ғылыми қызметкері Гаухар Барлыбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің екі отырысына қатысты.
05.06.2026
Көріністер: 57
2026 жылғы 5 маусымда ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының бас ғылыми қызметкері Гаухар Барлыбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің екі отырысына қатысты.
Диссертациялық кеңестің жұмысы аясында Г.Г. Барлыбаева философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Р.Б. Зейнуллиннің «Қазақ-ноғай мәдени артефактілерін компаративистік талдау» тақырыбындағы диссертациялық зерттеуіне ресми рецензент ретінде пікір білдірді.
Сонымен қатар, Г.Г. Барлыбаева философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Н. Алтайбаеваның «Түркі дүниетанымының жастардың саяси құндылықтарының қалыптасуына ықпалы» тақырыбындағы диссертациясын қорғау барысында диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі ретінде қатысты.