Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Алматы қаласы кітапханаларына қарасты №39 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ақпараттық сағат аясында қоғамдық тұрақтылықтың ең өзекті мәселелерінің бірі талқыланды.
18.08.2026
Көріністер:  13

Алматы қаласы кітапханаларына қарасты №39 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ақпараттық сағат аясында қоғамдық тұрақтылықтың ең өзекті мәселелерінің бірі талқыланды.
Алматы қаласы кітапханаларына қарасты №39 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ақпараттық сағат аясында қоғамдық тұрақтылықтың ең өзекті мәселелерінің бірі талқыланды. Іс-шара барысында «Діни экстремизм мен терроризм – қоғам қауіпсіздігіне төнген қатер» атты тақырыпта баяндама жасап, бұл қауіптің ғылыми-әлеуметтік негіздері мен алдын алу тетіктерін ортаға салдым.
Заманауи зерттеулер көрсеткендей, діни экстремизм – бұл жалаң діни ұғым емес, ең алдымен тұлғаның санасын деструктивті идеологиялар арқылы манипуляциялауға бағытталған әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Оның соңғы әрі радикалды сатысы – терроризм қоғамның конституциялық негіздеріне, азаматтардың өмірі мен рухани қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
Баяндамада діни экстремизмнің алдын алудың мынадай ғылыми-тәжірибелік бағыттарына басымдық берілді:
✅Ақпараттық және діни сауаттылық. Деструктивті ағымдардың жетегінде кетудің басты себебі – діни білімнің төмендігі және ақпаратты сүзгісіз қабылдау. Жастар арасында шынайы рухани құндылықтар мен радикалды идеологияның айырмашылығын түсіндіру маңызды.
✅Киберкеңістіктегі қауіпсіздік. Қазіргі таңда экстремистік ұйымдар өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын негізінен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүргізеді. Сондықтан цифрлық гигиена мен медиасауаттылықты арттыру – басты қорғаныс тетігі.
✅Ұлттық бірегейлік пен мәдени мұра. Халқымыздың дәстүрлі рухани құндылықтары, толеранттылық мәдениеті және зайырлы мемлекет ұстанымдары кез келген сыртқы радикалды идеологияға қарсы қуатты ішкі иммунитет қалыптастырады.
Кітапхана сияқты мәдениет және білім ошақтарында осындай ақпараттық сағаттардың өтуі – өскелең ұрпақтың саналы азаматтық позициясын бекітуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған елеулі үлес болып табылады.

← Тізімге қайту