Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

«Әуезов оқулары – 23: Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай феномені және жаңа танымдық өрістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Көріністер:  1257

«Әуезов оқулары – 23: Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған  «Абай феномені және жаңа танымдық өрістер»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

«Әуезов оқулары – 23: Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған

«Абай феномені және жаңа танымдық өрістер»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

 

2025 жылғы 10 сәуірде Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткен «Әуезов оқулары – 23: Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған “Абай феномені және жаңа танымдық өрістер” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ҒЖБМ ҒК ФСДИ Философия орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов Серік Есентайұлы қатысып, «Қазақ философиясындағы адам мәселесі және Абай философиясы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Конференция барысында заманауи философиялық ой-толғамдар мен Абай мұрасын жаңа қырынан зерделеу бағытындағы ғылыми көзқарастар ұсынылды. Іс-шара халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, Өзбекстан, Түркия, Ресей сынды елдердің ғалымдары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлегендер:

•          Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басқарма төрағасы-ректоры

•          Қожамжарова Дария Пернешқызы – т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

•          Елшиева Альбина Балғабайқызы – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі

•          Гулямов Саидасрор Саидахмедович – э.ғ.д., профессор, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Өзбекстан

•          Караман Севиль – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Анкара университеті, Түркия

•          Багаутдинова Наиля Гумеровна – э.ғ.д., профессор, Қазан федералды университеті, Ресей

•          Баходиров Азизбек Абдулазизович – т.ғ.д., профессор, Беларусь-Өзбек салааралық техникалық біліктілік институтының директоры, Өзбекстан

Бұл конференция – Абай ілімін қазіргі заманмен сабақтастыруға, философиялық-рухани мұрамызды жаңа танымдық кеңістікте насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды.

 

ФСДИ Философия орталығы


← Тізімге қайту