Ғылым мен философия диалогы
28.11.2025
Көріністер: 268
2025 жылғы 28 қарашада Философия, саясаттану және дінтану институтында Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. ЕҰУ атынан Астана қаласы Халық Ассамблеясының этномедиация кеңесінің төрағасы, философия кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Сымбат Шәкіров пен «Орталық Азия бесігі елдерінде конфликтологияны институционаландыру проблемасы: жағдайы және даму стратегиясы» ғылыми жобасының жетекшісі, бас ғылыми қызметкер, PhD докторы Асан Амангелдиев қатысты.
Институт атынан кездесуге Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығы мен Әлемдік және қазақ философиясы орталығының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында өзекті ғылыми жобалар, бірлескен зерттеулер мүмкіндіктері, академиялық бастамаларды дамыту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ институт пен университет арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарын белгіледі.