ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының бас ғылыми қызметкерлері, философия ғылымдарының докторлары С. Нұрмұратов, Г. Барлыбаева және А. Сағиқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің отырысына қатысты.
03.07.2026
Көріністер: 29
2026 жылғы 3 шілдеде ФСДИ Әлемдік және қазақ философиясы орталығының бас ғылыми қызметкерлері, философия ғылымдарының докторлары С. Нұрмұратов, Г. Барлыбаева және А. Сағиқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің отырысына қатысты.
Отырыс барысында Серік Ниязбековтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Цифрлық жаттанудың әлеуметтік-мәдени феномен ретіндегі философиялық талдауы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалды.
Институттың жетекші ғалымдарының диссертациялық кеңес жұмысына қатысуы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, академиялық өзара ықпалдастықты нығайтуға және философия саласындағы жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлаудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.