Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Орталық Азиядан көші-қон мәселелеріне арналған сарапшылық кездесу
04.09.2026
Көріністер:  20

Орталық Азиядан көші-қон мәселелеріне арналған сарапшылық кездесу
2026 жылғы 4 қыркүйекте Институт қабырғасында Хельсинки университетінің Александр институты – Ресей және Шығыс Еуропаны зерттеу жөніндегі Фин орталығының (Финляндия) зерттеушісі Лариса Викторовна Кангаспуроның қатысуымен сарапшылық кездесу өтті.

•  Кездесуді Институттың Бас директоры Айгүл Садвокасова құттықтау сөзімен ашты.

Кездесу барысында «Орталық Азиядан Балтық және Солтүстік Еуропа елдеріне көші-қон: ауқымы, бағыттары, құқықтық режимдері, қауымдастықтар және еңбек мобильдігі» тақырыбында аналитикалық баяндама ұсынылды.

Сарапшылық талқылау барысында қазіргі көші-қон үдерістері, Орталық Азия елдерінен Балтық жағалауы мен Солтүстік Еуропа мемлекеттеріне бағытталған негізгі көші-қон бағыттары мен маршруттары, сондай-ақ қолданыстағы құқықтық режимдердің ерекшеліктері қарастырылды.

Еңбек мобильдігіне, көші-қон үдерістеріндегі цифрлық желілер мен делдалдардың рөліне, сондай-ақ Ресейдегі көші-қон тәжірибесінің кейінгі көші-қон стратегияларына ықпалына ерекше назар аударылды.

Қатысушылар көші-қон қауымдастықтарының қалыптасу ерекшеліктерін, әлеуметтік байланыстарды және еңбек мигранттарының осалдық мәселелерін де талқылады.

✔️Сарапшылық талқылауға «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Рақышева, Нархоз университетінің профессоры Ольга Исупова, сондай-ақ ФСДИ қызметкерлері қатысты.


← Тізімге қайту