Тарихшы-медиевистпен сарапшылық кездесу
12.09.2025
Көріністер: 208
12 қыркүйек күні Философия, саясаттану және дінтану институтында белгілі тарихшы-медиевист, PhD, «Ұлыс Жошы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жақсылық Сәбитовпен сарапшылық кездесу өтті.
Кездесу барысында спикер ұлттық сана мен тарихи жад төңірегіндегі ой-толғамдарын ортаға салып, тәуелсіздік жылдарындағы қоғамдық даму мен тарихи үдерістерге қатысты көзқарасын білдірді.
Талқылау кезінде ғалымдар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай ғылыми алаңдар зерттеушілер арасындағы кәсіби диалогты дамытып, институттағы ғылыми дәстүрлерді нығайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, Институт ұжымы Жақсылық Сәбитовты туған күнімен құттықтап, ғылыми және кәсіби қызметінде табыс тіледі.