Хельсинки университетінің профессоры қатысуымен сарапшылық кездесу
14.11.2025
Көріністер: 279
14 қараша күні Институт Хельсинки университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің әлемдік саясат профессоры, сондай-ақ 2023 жылдан бастап Финляндияның ЮНЕСКО жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы болып қызмет атқаратын Тейво Тейвайненмен сарапшылық кездесу өткізді. Ғалым жаһандық саясат саласындағы пәнаралық зерттеулерімен кеңінен танымал және Amartya Sen Prize (Йель университеті) мен Американдық әлеуметтік ассоциацияның Терренс К. Хопкинс сыйлығы сияқты беделді марапаттардың иегері.
Кездесу барысында профессор Т.Тейвайнен қазіргі саяси зерттеулердегі негізгі жаһандық трендтерге талдау ұсынып, олардың халықаралық академиялық күн тәртібін қалай қалыптастыратынын атап өтті. Институт қызметкерлері талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз зерттеу бағыттарын ұсынды. Бұл пікірталастың мазмұнды әрі динамикалық өтуіне ықпал етті.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібінің эволюциясы, технологиялық өзгерістердің саяси процестерге әсері, сондай-ақ қазіргі сын-қатерлерді зерттеудегі пәнаралық тәсілдердің рөлі сияқты тақырыптар қамтылды. Ерекше назар жаһандық ортадағы өзгерістерге байланысты саяси қатысу формаларының, шешім қабылдау механизмдерінің және зерттеу практикаларының трансформациясына аударылды.
Институт кәсіби диалогты дамытуға және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған осындай сарапшылық кездесулерді алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.