Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

САРАПШЫЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ
05.06.2026
Көріністер:  86

САРАПШЫЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ
2026 жылғы 5 маусымда Философия, саясаттану және дінтану институтында «Жаңа Конституцияны қабылдау аясында Қазақстандағы парламентаризмді дамыту перспективалары» тақырыбында сарапшылық талқылау өтті.

Сарапшылық алаң жұмысына Институт қызметкерлері, сарапшылық қауымдастық өкілдері, саясаттанушылар мен зерттеушілер қатысты. Іс-шара барысында конституциялық реформаларды іске асыру жағдайында Қазақстанның саяси жүйесін трансформациялаудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Талқылау академиялық және сарапшылық қауымдастық өкілдері арасында пікір алмасуды көздейтін дискуссия форматында ұйымдастырылды. Жұмыс барысында ағымдағы саяси үдерістер мен институционалдық өзгерістерді талдаудың әртүрлі тәсілдері ұсынылды.

Ерекше назар жаңа конституциялық заңнама жағдайында елдің саяси дамуының мүмкіндіктеріне және жаңартылған институттардың қазіргі саяси үдерістердегі рөліне аударылды.

Талқылау барысында шақырылған сарапшылар - «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты Андрей Чеботарёв және Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов, сондай-ақ ФСДИ ғылыми қызметкерлері сөз сөйледі.

Қатысушылар алдағы парламенттік сайлаулар аясында партиялық жүйенің даму перспективаларын, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесіндегі парламенттік билік тармағының мәртебесінің өзгеруін, сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік билік архитектурасындағы Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі сияқты институттардың қызмет ету ерекшеліктерін талқылады.

← Тізімге қайту