2023 жылдың 19 қыркүйегінде «Философия, саясаттану және дінтану институты», «Халал» феномені және зайырлы мемлекеттердегі экологиялық сананың қалыптасуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – көпмәдениетті зайырлы Қазақстанның пәнаралық дискурсындағы «халал» феноменінің мәнін, оның рухани-өнегелік, экологиялық, рационалды мәнін ашу.
Дөңгелек үстелге Философия, саясаттану және дінтану институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА Академигі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Сейдуманов Серік Тұрарұлы; Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Алтайқызы Айкерім; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы; философия ғылымдарының кандидаты Құранбек Әсет Абайұлы; Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты «Халал даму» директоры Аташев Айбек Асқарбекұлы; Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті аға оқытуышысы Имаммәди Түсіпхан, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Сейтахметова Наталья Львовна, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкерлері, философия ғылымдарының докторы, профессор Косиченко Анатолий Григорьевич, Бурова Елена Евгеньевна, Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы және Дінтану орталығының директоры, PhD Шағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы қа
тысты.