Тәуелсіздік туралы философиялық пайымдаулар
11.12.2025
Көріністер: 193
11 желтоқсан күні Философия, саясаттану және дінтану институтында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Әлемдік және қазақ философиясы орталығының әдіснамалық семинары өтті. Іс-шараның тақырыбы - «Тәуелсіздік туралы философиялық пайымдаулар».
Семинар ғылыми идеялармен еркін алмасуға, тәуелсіздіктің құндылығын терең философиялық тұрғыдан зерделеуге бағытталған мазмұнды пікірталас атмосферасында өтті. Қатысушылар мұндай форматтың тәуелсіздікті тарихи, мәдени және рухани қырлардан жан-жақты талдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Семинар барысында Орталықтың жетекші ғылыми қызметкерлері баяндама жасады:
• Күлсия Қонырбаева - семинар тақырыбына сәйкес тәуелсіздік ұғымына философиялық талдау жүргізіп, оның ұлттық өзіндік сананы қалыптастырудағы маңызын айқындады.
• Гүлнара Омарова - «Тәуелсіздік - баға жетпес байлық» атты баяндамасында тәуелсіздіктің мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізгі құндылығы ретіндегі маңызына тоқталды.
Талқылау барысында қатысушылар тәуелсіздікті сақтау мен нығайтудың заманауи перспективалары жөнінде пікір алмасып, аталған тақырыпты одан әрі терең зерттеудің маңыздылығын атап өтті.