Цифрландыру дәуіріндегі зерттеулерге арналған әлеуметтанушылар форумы
02.06.2026
Көріністер: 154
2026 жылғы 1–2 маусым күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Нархоз университетінің ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі әлеуметтанулық зерттеулер: трендтер мен сын-қатерлер» атты Әлеуметтанушылар форумы өтті.
Форум заманауи әлеуметтанудың өзекті мәселелерін талқылау үшін зерттеу орталықтарының, академиялық қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың өкілдері мен халықаралық сарапшылардың басын қосты. Қатысушылар зерттеу әдіснамасы, деректер сапасы, панельдік зерттеулерді дамыту, сондай-ақ қоғамдық үдерістерді зерттеуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.
Форумның екінші күні «Қазақстандағы әлеуметтанулық зерттеулердің болашағы: жаңа стандарттар, технологиялар және сенім» атты стратегиялық сессиямен ашылды. Оған зерттеу орталықтарының, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, зерттеу компаниялары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сессия барысында Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Садвокасова мен бас директордың орынбасары Шолпан Джаманбалаева өз пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ ФСДИ қызметкерлері форум жұмысына екі күн бойы белсенді қатысып, кәсіби пікір алмасу алаңында тәжірибе бөлісті.