Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

ФСДИ бас директоры Республика күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты
21.10.2026
Көріністер:  10

ФСДИ бас директоры Республика күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты
2026 жылғы 21 қазанда Алматы қаласындағы Достық үйінде Республика күніне орай «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларациясынан Қазақстан Халық Кеңесіне дейінгі жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ғылыми қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

•  ФСДИ бас директоры Айгүл Садвокасова Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихи жолын талқылау аясында сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында Республика күнінің тарихи маңызы, Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі және ұлттық құндылықтар сабақтастығын сақтау мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар жастардың тарихи сауаттылығын арттыруға, ел тарихына құрметпен қарауды қалыптастыруға және мемлекеттік егемендіктің қадір-қасиетін терең түсіндіруге ерекше назар аударылды. Жас ұрпаққа мерекенің тарихы мен Қазақстан мемлекеттілігінің дамуындағы маңызды кезеңдер туралы білім берудің маңыздылығы атап өтілді.


← Тізімге қайту