Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.
Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган - Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енгізілді.
Кеңес құрамына қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың, кәсіби және этномәдени ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері енді. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі жалпыұлттық диалогты дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.
Институт үшін бас директордың Кеңес жұмысына қатысуы қоғамдық үдерістер мен қазіргі қазақстандық қоғамның даму мәселелері бойынша ғылыми-сарапшылық қызметтің жалғасы болып табылады.
https://www.facebook.com/share/p/19ZKWESqs4/?mibextid=wwXIfr