Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Қоғамдық келісім саясаты және ғылыми қауымдастықтың рөлі
30.09.2025
Көріністер:  376

Қоғамдық келісім саясаты және ғылыми қауымдастықтың рөлі
2025 жылғы 30 қыркүйекте Философия, саясаттану және дінтану институтында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Ералы Лұқпанұлы Тоғжановпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ералы Лұқпанұлы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы қызмет жолынан естеліктерімен бөлісіп, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйенің қалыптасу тарихына тоқталды.

Сонымен қатар, қоғамдық бірлікті нығайтуға қатысты өзекті мәселелер және бұл үдерістегі ғылыми қауымдастық пен сарапшылар корпусының рөлі ерекше атап өтілді.

Отырыста институт қызметкерлері мен мемлекеттік билік өкілі арасында қазақстандық қоғамдағы келісімді нығайту мәселелеріне байланысты мазмұнды диалог өрбіді.

← Тізімге қайту