Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Философия, саясаттану және дінтану институты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында мазмұнды саяси және іскерлік бағдарлама өтуде.
16.09.2026
Көріністер:  24

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында мазмұнды саяси және іскерлік бағдарлама өтуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында мазмұнды саяси және іскерлік бағдарлама өтуде. Сеулде Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізіп, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

Қазақстан–Корея диалогының негізгі бағыттары – инвестициялар, өнеркәсіптік кооперация, озық технологиялар, жасанды интеллект, көлік және логистика, сондай-ақ гуманитарлық байланыстар. Сапар барысында корей бизнесін Қазақстандағы ірі жобаларды іске асыруға тартуға ерекше назар аударылуда. Келесі маңызды оқиға – «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммиті.

Корея бағытының Қазақстан үшін неліктен ерекше маңызға ие болып отырғаны, әлемдегі жетекші технологиялық экономикалардың бірімен ынтымақтастықтың елімізге қандай мүмкіндіктер ашатыны және Мемлекет басшысының белсенді дипломатиясы Қазақстанның халықаралық ұстанымдарына қалай ықпал ететіні туралы Салыстырмалы саяси зерттеулер орталығының басшысы Айдар Амребаев пікір білдірді.

kazpravda.kz

← Тізімге қайту